Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры-Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті. Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар» алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды.Керуен сапында Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, цирк өнерпаздары және тайқазан, арба сынды ұлтық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар. Өңірдің тарихи келбетін танытар өнер көшіне 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жергілікті композиторлар Ш.Қалдаяқов, С.Бəйтерековтің əндерін қосыла орындады. Керуен басы «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерінің орындауындағы «Мереке думан» биімен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында 600 жас домбырашының бір мезетте Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындауымен аяқталды. Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-де келер жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса, бүгінгі күнге 16 мектеп пайдалануға берілген. […]
ОҚО-да 16 су қоймасының құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысында 16 жаңа су қоймасының құрылыс жүргізілетін болады. Сондай-ақ тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асқанда 320 млн. текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы […]
ОҚО-да жас ақындар сынға түсті
Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр тұнған жүрек» облыстық жыр мүшəйрасы өтті. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына […]
Пікір қалдыру