Оңтүстік өнерпаздары Астанада әннен шашу шашты

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өнерпаздары екі қабатты үсті ашық қызыл автобуспен Астана қаласының қоғамдық орындарды аралап, танымал қазақ әндерін шырқады. Ондағы мақсат — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, арнайы музыкалық құрылғылармен жасақталған қоғамдық көлік Астана қаласының көрікті жерлері мен саябақтарына аялдап, өнерпаздар оңтүстіктен шыққан жергілікті сазгерлердің танымал әндерінен шашу шашқанын да айта кеткен жөн. 

«Оңтүстік-  өнердің алтын ордасы. Сондықтан бүгінгі ән шеруімізді қала қонақтары мен тұрғындарына арнайы тарту ретінде ұсынып отырмыз. «Оңтүстіктің 7 кереметі» аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ өнерін насихаттап, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіру», — дейді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*