Оңтүстік өнерпаздары Астана қаласын аралап жүріп өнер көрсетті

Оңтүстік өнерпаздары меркелік өнер думанының шерушілері «Думан» ойын-сауық орталығынан бастап, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталықтары, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және «Бәйтерек» алаңына дейін жүріп өтті. Астаналық тұрғындарға Оңтүсіктің ән сәлемін жолдауға Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, облыстық опера және балет театрының белгілі әншілерінен құралған 30-дан аса өнерпаз қатысты.Айта кетейік, 29-31 тамыз аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Оңтүстіктің өнімдері» тауар өндірушілердің көрмесі мен «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көркемөнер көрмесі көпшілік назарына ұсынылғалы отыр. Сондай-ақ, «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттері ұйымдастырылады.

«Оңтүстік-  өнердің алтын ордасы. Сондықтан бүгінгі ән шеруімізді қала қонақтары мен тұрғындарына арнайы тарту ретінде ұсынып отырмыз. «Оңтүстіктің 7 кереметі» аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ өнерін насихаттап, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына қолдау білдіру», — дейді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*