ОҚО-да заңсыз тасымалмен күрестің жаңа әдісі қолданысқа енді

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары заңсыз тасымалмен күресудің ерекше жолын ойлап тапты. Ол үшін мамандар түрлі ауданаралық бағыттарда жолға шығып жүрген әрбір шағын автобусқа «Жолаушылар көлігі» деген жазуы бар облысымыздың логотипі мен тасымалдаушы мекеменің және бағыттың атауын орналастыруда. Яғни, бұдан былай, қатынас көлігінде мұндай мәліметтері бар логотип болмаса, ол заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік болып табылатынын айта кету керек.

Бүгінге дейін басқарма мамандары ауданаралық тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін 354 (75%) шағын автобусқа осынау белгілерді орнатып үлгерді. Айтуларынша, бұл жаңалық өңірдегі заңсыз тасымал қатынасын және соның кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, арнайы белгісі бар көліктерге бағыттарға шығар алдында күнделікті жолдама берілсе, бұл құжат көлік пен оны жүргізушінің тиісті тексерулерден өткендігін, жолаушылар үшін бұл шағын автобустар қауіпсіз екендігін айғақтайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*