«Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қазылық құрамы брифинг берді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне Түркістан шаһарында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.Сонымен қатар, конференция барысында фестивальдің қазылары, Түркия мемлекетінің өкілі Бекир Йылдызчи, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік Қоғамы, «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Салтанат Дүнгенбаева, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Тынай Ибрагимов, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев және облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Халық Шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Әділханов фестиваль жайында кеңінен айтып, журналистердің сауалдарына жауап бергенін айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*