ОҚО-да прокурорлар мен журналистер ашық пікір алмасты

Бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен «БАҚ және құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға облыстық прокуратураның басқарма басшысы Ербол Ештаев пен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Әліпов және журналистер, блогерлер қатысты. Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылы 20 мамырда Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадам бағдарламасын қабылдаған болатын. Ербол Амангелдіұлы сонда айтылғандай прокуратура органдарының халыққа ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан реформа жайлы журналистер мен блогерлерге кеңінен баяндап берді. Өз кезегінде облысымыздағы БАҚ өкілдері көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарды прокурорларға жолдап, ойларын ортаға салып, отырыс ашық диалог алаңына айналды.
Жиын барысында модератор болып отырған Мадияр Бақтыбайұлы, екі тарапқа да отырысқа алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыс айтып, бұл кездесудің негізгі мақсаты сауатты, құқықтық қоғам құру екенін мәлімдеп, сөзін қорытындылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*