Латын графикасына көшу – кешенді мәселе

Парламент Мәжілісінде латын графикасыға көшу мәселесі қарастырылғаннан соң  осы мәселе төңірегіндегі жұртшылықтың көптеген сұрақтарына айқын жауаптар табылды. Енді латын графикасына көшудің Еліміз үшін маңызы, оның бағыттары мен кезеңдері, латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліппесінің құрылымы сыңары бірқатар сұрақтарға негізді жауаптар бар. Дер кезінде, латын графикасына көшу мәселесін өмірге ендіру барысында қойылатын жаңа сұрақтар да аз болмас.

Латын графикасына көшу – кешенді мәселе. Саясаттанушылар, IT-технология бойынша мамандар, тілші-ғалымдар, тарихшылар, психологтар, педагогтар, әлеуметтанушылар бұл мәселеге өздерінің әдіснамасы мен әдістемелері тұрғысынан қарайды. Атап айтқанда, латын әліппесіне көшуде әрбір сала  мамандары, өзіндік зерттеу пәні тұрғысынан, өзіндік ерекше ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуіне тура келеді. Ғылыми тұғыр латын әліппесіне көшудың басты шарттарының бірі. Латын әліппесіне көшудегі мәселелерге қатысты сұрақтарды дұрыс қою, оларға тек дәлелді жауаптар беруге ұмытылумыз қажет. Тек ой тұжырымына сүйеніп, немесе озық шетелдік үлгілерден мастанып шешімдер қабылдауға  жол бермеуіміз керек.

Негматжан Алметов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарың докторы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*