Латын әліпбиіне көшу қажеттілігі:

1.Кез келген іс-әрекет  мұқтаждықтан, қажеттіліктен  туады.

  1. Мұқтаждықты қанағаттандыруда жасалатын іс-әрекетті жүзеге асыру үшін мақсат қойылады. Демек, латын әліпбиіне көшудегі мақсат не? Осындай іс-әрекет нәтижесінде қолымыз неге жетеді?

3.Мақсатқа жету үшін құралдар керек. Сонда  кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшу қандай құралдармен жүзеге асады?

Мұқтаждық пен қажеттілік дегеніміз  адамды іс-әрекетпен айналысуға итермелейтін ішкі күш.

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінде сөйлейтіндердің ішкі мұқтаждығымен  ғана емес, сыртқы қажеттілігінен  де туады. Мысалы, латын әліпбиіне көшу туралы халықтың атынан мемлекет шығарған заң немесе бұйрық осы көшуге итермелейтін сыртқы қажеттіліктер болса және ол жеке адамдардың ішкі мұқтаждылығына  айналса, латын әліпбиіне көшу нағыз құралға айналады.

Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде ,  Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін  мекендеген қазақ жұрты пайдаланылуда.

Қытай Халық Республикасында – қазақ тілі араб жазуы  ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле Қазақ автономиялық облысында, Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы  қолданылуда.

Түрік Республикасында – қазақ диас­порасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Германия, Франция, АҚШ т.б. шет елдерде мекендейтін қазақ диаспорасы  латын жазуын пайдаланады.

Құлахмет Молдабек –педагогика ғылымдарының докторы, профессор

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*