ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті. Сонымен қатар, кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқан ерікті жастарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, арнайы сыйлықтармен марапаттағанын айта кеткен жөн.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жастарға алғысын білдірген Ұласбек Сәдібекұлы әлемдік шараның маңыздылығын да атап өтті.«Жалпы, ЭКСПО күндерінде 6 мыңнан астам түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілді. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясына берік екенін тағы да дәлелдей түсті. Маусымның 10 мен қыркүйектің 9 аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 5 миллионнан астам адам келгенін айта кеткен жөн. Ал, оның ішінде 151 мың облыс тұрғындары болса, соның ішіндегі 15 мыңы облыс жастары», — деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*