ОҚО-дағы «Tectum Enjineering» үш елге шифер экспорттап жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев  шифер шығаратын кәсіпорын — «Tectum Enjineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралап көрді.Айт кету керек, «Tectum Enjineering» бүгінгі таңда шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын. Құрылыс затын шығаратын өндіріс орны «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,9 млрд. теңгені құрап отырғанын да айтпай кетуге бошлмас.  Сонымен қатар, қазірде зауыт «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Қазәіргі кезде мұнда 200 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, ал қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан  елдеріне жөнелтілуде. Зауыт жылына 2,3 млн. дана шифер өндіру мүмкіндігіне ие болып отыр.

Индустриялды аймаққа жасаған сапары барысында өңір басшысы «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауытының құрылысымен танысты. 2018 жылы іске қосылатын өндірістің жалпы құны 4,2 млрд. теңге болып отыр. Жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*