ОҚО-да «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты шара өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» аттымерекелікшараөтті. Сонымен қатар, іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.«Тілдер туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ассамблея шаңырағының астында бірлесе өткізуді ұйғарды. Мұны –  достық пен татулықты ту еткен оңтүстікқазақстандық этнос өкілдерінің байыпты бастамасы, салиқалы шешімі деуге болады.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, елімізде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Өз құттықтау сөзінде аймақ басшысы ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*