Оңтүстіктегі тілдер мерекесі этностардың бірлігін паш етті

Оңтүстікте өткен «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» шараға қатысушылар да Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамаларын қолдап,  этностардың тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің алар орны ерек екенін атап өтті.«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші  тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы – Оңтүстік»,-деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Ынтымақ» поэтикалық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама мен қазақ тілінің қарпін латын графикасына көшіру туралы хореографиялық  композициясы көпшіліктің назарына ұсынылды.

Айта кетейік, өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде  мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі – 92,1 пайыз болса, орыс тілін ұғатындар – 63 пайызға, ал, ағылшын тілін білетіндер – 14 пайызға жеткен. Сондай-ақ, өңірдегі этнос өкілдерінің 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*