Шымкентте тұңғыш рет несиелік серіктестіктердің халықаралық форумы өтті

Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І- форумы өтті. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.  Форум жұмысын ашып берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.«Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында өзара кредиттеу түріндегі қаржы мен несие қызметтерін ұсыну бойынша тармақталған қаржы желісінің аса қажет екенін атап өткен еді. Сондай-ақ Елбасы еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ары қарай — ЭЫДҰ) мүше елдердің стандарттарына көшу қажеттігін жүктегін болатын. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің қаржыландыруға қолжетімділігі – аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда басты өлшем болып табылады. Сондықтан бүгінгі шараға қатысушаларға алғысымымды білдіріп, алдағы уақытта тығыз қарым –қатынаста жұмыс істеуге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.    

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*