Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті. 

Сонымен қатар, «Өрлеу» бағдарламасының тиімділігін көрген көпбалалы ананың бірі —   Шынар Саттарова мемлекеттен 450 мың теңге демеу қаржы алып, Жетісай қаласынан дәмхана ашыпты. Қазір мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.

«Мемлекеттің «Өрлеу» жобасын қолға алғаны біз секілді көпбалалы аналарға мол мүмкіндік беріп отыр. Мен өз басым осы жобаны пайдаланып, кәсіп ашуға бел будым. Әзірге нәтижесі жаман емес. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, алғашқы табыстарымызды көре бастадық», —  дейді «Қанат» дәмханасының басшысы Шынар Саттарова.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*