Мақтааралда «Туған жер » бағдарламасы аясында «Жастар» спорт кешені жөндеуден өтті

 Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Бірлік ауылына атбасын бұрып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында ашылған «Жастар» спорт кешенінің жұмысымен танысты. С.Қожанов мектебінің базасында орналасқан кешеннің қайта құрылымдау жұмыстарын осы ауылдың тумасы кәсіпкер Абыз Алипов өз қаржысына жүргізіпті. Мұнда ауыл жастары үшін көптеген мүмкіндіктер жасалған. Нақтырақ айтқанда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық секциялар баруға мүмкіндіктері бар.. Нақтырақ айтқанда мұнда жастар бір уақытта спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлерімен айналыса алады. Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіпкер осы ауылдан су спорты кешенін салып беруді жоспарлап отырғанын айта кету керек.

Бұдан бөлек, Абыз Алипов «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа тұрғызып, ауылдағы баспанасыз жүрген жағдайы төмен отбасыға құны 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып беріпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*