Шымкентте Африка елдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Африка елдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының «Көрме» орталығында 10-шы қазанға дейін  өтетін шараның арқасында қос тарап арасындағы туризмді дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашу, іскерлік қатынастарды жақсарту мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн.ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінен оңтүстікке жеткізілген түрлі кәдесыйлар мен бұымдар көрмесінің ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Африка елдерінен келген қонақтарға қош келдіңіздер дей отырып, олардың алып келген өнімдерін тамашалап көрді.

«Халықаралық көрмеде қаншама елдер өз мәдениеттерін, ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытып өздерінің экономикалық және технологиялық даму деңгейлер мен жетістіктерін көрсетті. Бүгінгі күні Оңтүстік өңіріне сол көрменің бір бөлігін алып келіп отырған Африка елдеріне үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі көрменің өту мақсаты, туризмді дамыту, мүмкіндіктерге жол ашу, бизнестік байланыстарды жетілдіру»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*