ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.Осы мақсатта бүгін кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылау мақсатында жиын өтті.
Аталған шараға Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков, әжелер алқасының төрайымы Ө.Елубаева, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және әжелер алқасының мүшелері қатысты. Жиын барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков, тілдерді дамыту және оқыту орталығының қызметкері З.Досымбекова, қалалық музейдің директоры А.Сарбасовалар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында баяндама жасады. «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Қ.Балқыбеков, «Құрметті теміржолшы», қалалық «Қоғамдық кеңестің» мүшесі Б.Дүйсебаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібектер жарыссөзге шығып, латын әліпбиіне өтудің маңыздылығына, жоғарыда аталған мақаладағы «Туған жер» кіші бағдарламасының өзектілігіне тоқталды.
Сондай-ақ, жиын соңында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*