АРЫСТА ДӘСТҮРЛІ ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу міндетін алға қойып отыр. Бұл үшін елде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін қолдан келген жағдайлардың барлығы жасалып отыр.Осы мақсатта Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты «Денсаулық фестивалі – 2017» іс-шарасы өтті.
Іс-шараны Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, құттықтау сөз сөйлеп, мұндай шараның жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға тигізер септігі мол екендігін атап өтті.
Фестивальге қаладағы Сұлтанбек Қожанов, Абай Құнанбаев, №11 Бауыржан Момышұлы, Әліби Жангелдин, Мұқтар Әуезов жалпы орта мектептерінің және №4, №2 бастауыш мектептерінің 2-10 сынып аралығындағы оқушылары қатысқанын айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға қатысқан қала жастары мен оқушылар таңғы жаттығу жасады. Мұнан бөлек, түрлі спорттық сайыстардан сынға түсіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*