Арыс қаласында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейуде

Мықты мемлекет дегеніміз экономикасы әртараптандырылған, теріс үрдістердің ықпалына төтеп бере алатын тұтас бірлігі бар ел. Осы орайда тұңғыш Президентіміз елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің, сондай-ақ ірі кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуді ең бірінші орынға қойып отыр. Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Кәсіпкерлік палатасы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қалалық филиалының ұйымдастыруымен Арыс қаласының кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайдың төрағалығымен қаланың кәсіпкерлік саласының дамуына жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша қала көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік палатасының директоры, кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер мен тиісті мамандар қатысты.
Аталған жиында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, ауыл шаруашылығына берілетін несиелер жөнінде және кәсіпкерлікке байланысты жер телімдерін рәсімдеу бойынша мәселелер қаралды. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Шойнахов алдағы уақытта тақырыпты кеңінен қамту мақсатында әрбір ауылдық округтерді тиісті мамандармен аралап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізетіндігін жеткізді. Кәсіпкерлер тарапынан берілген сұрақтарға мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*