ДЕНСАУЛЫҚ – БАЙЛЫҚТАН ҚЫМБАТ

Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестің жиыны өтті.
Жиынға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, Арыс қалалық мәслихатының хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.Жиынды қала әкімі М.Қадырбек ашып, жүргізіп отырды. 
Халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестің отырысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Кемеровтың Арыс қаласында аса қауіпті жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық жағдайы және олардың алын алу шараларының орындалуы, ветеринария бөлімінің басшысы Н.Рахимовтың үй жануарларының және қоралардың дезинфекция жасалуы туралы, Арыс аудандық емханасының бас дәрігері Е.Батырбековтың және жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Кенжебектің жарақаттану салдарынан туындайтын өлім көрсеткішін төмендетудің және алдын алуға өзара сектораралық шаралар: соның ішінде еңбек жағдайлары, өндірістік жарақаттану, жол-көлік қауіпсіздігі туралы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын барысында үйлестіру кеңесі мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*