Арыста қоғамдық кеңес қарқынды жұмыс істеуде

Арыстағы кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті.
Сала бойынша қоғамдық ой-пікір, ұсыныстар мен кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысында қаланың бас жоспары мен бөлімнің атқарылған жұмыстары туралы сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылға белгіленген межелерінің орындалу барысы туралы есебі, Монтайтас және Қожатоғай ауылдық округ әкімі аппараттарының 2017 жылғы 7 айында атқарылған жұмыстарының есебі және алдағы атқарылатын жұмыстары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзету мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Арыс қаласы әкімінің шешімі жобасын бекіту бойынша баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*