Арыста «Ажарлы үй-ырысты» деген атаумен абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жердің экологиясын жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өткен болатын. Аталған игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында қала және оған қарасты ауылдық округтер бойынша «Ажарлы үй-ырысты» деп аталатын ерекше іс-шара аясында Арыс қаласының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Арыс қаласына қарасты Ақдала, Байырқұм, Қожатоғай ауылының белсенді жастары елдімекендерін абаттандыру мақсатында көмекке зәру отбасылардың аулаларын, тазалап, абаттандырып, шарбақтар мен қоршауларын, қақпаларын сырлап ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты. Хадисте «Тазалық иманның жартысы» деп бекер айтылмаған. Монтайтас ауылының жастары, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ауыл сыртындағы қорымға қоршау жұмыстарын жүргізіп, зиратты тазалап, қариялардың батасын алды.
«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың басты қағидасы». Жұмыла көтерген жүктің салмағы әрқашан да жеңіл. Халқымыздың игілігі үшін, атқарылатын шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*