Мәжілісмен Арыста болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы жұмыс сапарымен бүгін Арыс қаласына арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, бірқатар нысандарды аралады. Мәжіліс депутаты іс-сапарын таңертең Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіндегі Агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС-ның жоңышқа алқабында болып, облыс көлемінде алғаш рет қолданылып отырған жаңа технологияның қолданылуымен жүзеге асып отырған жаңбырлатып суару әдісімен танысты. Сапар барысында Құдайберген Төлепұлы Ақдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштерін тыңдады. Кездесу аясында Ақдала ауылының тұрғыны зейнеткер, ауыл биі Аяпов Әбілда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлына Арыс қаласына арнайы ат басын бұрып, ауылдағы халықпен жеке жүздескені үшін алғысын білдірді. Халық қалаулысымен кездесуде аталған ауыл биі Аяпов Әбілда шаруаларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктерге тоқталып, Елбасына рахмет айтты. Мәжіліс депутатына өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Сапар соңында Құдайберген Төлепұлы Арыс қаласы, Көктем тұрғын ауданындағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 3 қабатты,108 пәтерлі 3 көпқабатты
тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және уақытылы халықтың игілігіне берілуі керектігін мұқият қадағалауды тапсырып, жалпы қаламызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*