Халықаралық «Алтын сақа»анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.Түркі әлемінің «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары патриоттық рухты көтеруге арналған 21 фильмді қазылар алқасы назарына ұсынған болатын.Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілда «Оттан жаралғандар» фильмімен бас жүлдеге ие болды. Жүлделі бірінші орынды Өзбекстан Республикасының қатысушысы Дмитрий Власов «Гончар» қиял-ғажайып ертегісімен алса, екінші орынмен Түркия мемлекетінің аниматоры Ариф Османоглу «Теңіз қарақшылары» фильмімен жəне Қырғызстан Республикасының қатысушылары ағайынды Асанбек, Усанбек
Алтынбаевтар  «Первый камень» жəне «Жизнь» туындылары үшін марапатталды.  Алматы қаласынан Куат Кониркульжаев, Рамиль Усманов, Юлия Тхай «Мақтаншақ қыз» анимациялық фильмі, Саха Республикасының қатысушысы Константин Тимофеев «Алаа Могус», Шымкент қаласының қатысушысы Мұратбеков Аймахан «Қазақстан бренді» фильмімен үшінші орынға лайық деп танылды.
Түркия мемлекетінен келген  Нуриллах Иенихан «Қожанасыр» фильмімен
«Үздік телевизиялық жоба», алматылық Сəлімғали Мырзашев «Байқоңыр» балалар фильмімен «Үздік сценарий», шымкенттік 8 жасар жас дарын София Чмуль «Мамонтенок ищет маму» фильмімен
«Ең жас аниматор» арнайы жүлделерін алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*