Ордабасыда жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланды

Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов алып, 7 айда атқарылған жұмыс барысын баяндады. Жалпы 2017 жылы Ордабасы ауданында негізгі әлеуметтік даму көрсеткіштерінің өсімі байқалды.Жыл басында бюджет 14 млрд. 817 млн. 139 мың теңгеге бекітілсе, жыл ішінде 2 млрд. 670 млн. 683 мың теңгеге ұлғайып, 17 млрд. 487 млн. 822 мың теңгені құрады, 2016 жылдың бюджетімен салыстырғанда 17 пайызға артық. Ал жергілікті кірістер 623 млн. 840 мың теңгеге ұлғайтылып, 2016 жылмен салыстырғанда 69 пайызға артты. Есепті кезеңде жергілікті түсімдер жоспары 162,6 пайызға орындалды, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты түсім 853 млн. 264 мың теңгеге артты.
Баяндамадан соң, №9 «Бейнетқор» сайлау округінен депутат Замира Маханова ұстаздардың жайын қозғап, біліктілігін арттырушы мұғалімдердің жалақысын сақтау бойынша ұсынысын айтты. №15 «Шұбар» сайлау округінен депутат Сейілхан Алтыбаев Шұбарсу ауылындағы жекенің қолындағы ауызсу мен электр жүйесін мемлекет меншігіне алу бойынша атқарылған жұмыс барысын сұрады. №14 «Шұбарсу» сайлау округінен депутат Ғалымжан Зиябек Көктөбе ауылына клуб қажеттігін алға тартса, №1 «Ордабасы» сайлау округінен депутат Сералы Әбжалов Бадам ауылының көшесін жарықтандыру жөнінде мәселе көтерді.
Аудан басшысы Рашид Үсіпханұлы барлық ұсыныс-тілектердің маңызды екенін айтып, халық қалаулыларын жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында депутаттармен тығыз байланыс орнайтынына сенім білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*