Шымкентке жылу беру бекітілген ережеге сәйкем жүргізілмек

Бүгінгі таңда  қаланың оңтүстік бөлігіндегі диаметрі 1000 мм жылу жүйесі толығымен суға толтырылса, ертеңнен бастап қаланың оңтүстік бөлігіндегі магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін сумен толтыру жұмыстары басталады екен. Ал қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу жүйелеріне қазан айының 1-нен басталатынын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, облыстағы бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру арнайы бекітілген ережеге сәйкес жүргізілетін болады. Яғни, сыртқы ауа температурасының орташа көрсеткіші 5 тәулік бойы +5°С және одан төмен болса, жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында облыстың 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралған болатын. 

Онда әкім қыс мерзіміне дайындық жұмыстары бойынша апта сайын тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, бақылауға алу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты міндеттемелер жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*