Оңтүстікқазақстандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 558 пәтерге қол жеткізбек

Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі ОҚО филиалы мамандары 20 қыркүйектен бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 558 пәтерге дауыс беру басталғанын хабарлайды.   Соғылып жатқан баспаналар жергілікті атқару органдарының бағыты бойынша сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау басталды. Бұ жолы салынып жатқан көпқабатты үйлер 3 санат жайлылықта.

суреттерді түсірген Береке Сейітжаппар

Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығы жақтағы Әлия Юсупова мектебінің маңынан 11 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 558 пәтерлі 2 үй 30 қарашада қолданысқа берілмек. Ондағы пәтерлердің шаршы метрі 140 мың теңгені құрайды. Ал, дауыс беру 8 қазанға дейін жалғасады. Өз өтінішіңізді ҚТҮЖБ-нің www.hcsbk.kz сайтына кіріп, жеке кабинетіңіз арқылы дауыс беріп, өтініш қалдыруға болады. Тұрғын үйден пәтер  алуға қызығушылық танытқан салымшылар, сипаттамасын сол жерден көре алады. Айта кетейік, ҚТҮЖБ-нен депозит ашқан әрбір адамның банк сайтында жеке кабинеті болады. Сонымен қатар, бағдарлама ережелері бойынша пәтерлер банк салымшылары мен әкімшілікте кезекте тұрғандар арасында 50/50 принціпі бойынша бөлінеді.

Дегенмен әкімшілікте кезекте тұрғандар дауыс беруге қатысу үшін тұрғын үй шартын құрып, банк клиенті болуы керек. Ал, дауыс беру қортындысы бойынша сатып алушылар пулына  кірген салымшылар үй бағасының 0пайызын  жинаған жағдайда алдын-ала тұрғын үй займы және аралық тұрғын үй займы берілетінін ескертке кетейік. Несие бойынша сыйақы мөлшері 5 пайыз болмақ.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*