ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пәтер алушылар мынадай талаптарға сай болуы тиіс

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚТҮЖБ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 558 пәтерді өз салымшылары мен әкімшілікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тарататын болды. Осыған орай, 20 қыркүйектен бастап  www.hcsbk.kz сайты арқылы дауыс беріп, өтініш қалдыру басталып кетті.Айта кетейік, 558 пәтердің ішінде 1 бөлмелі, 2 бөлмелі, 3 бөлмелі баспаналардың саны  186-ны құрап отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жергілікті атқару органдарының бағыты бойынша қатысушы салымшылар мен кезекте тұрғандар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) ҚР азаматы немесе оралман статусы болуы шарт;
2) Банктің ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілігін растау қажет;
3) Үйге үміткер және бірге тұратын отбасы мүшелерінің (әйелі, кәмілетке толмаған балдары) ҚР территориясында сатып алу құқығы мен жалға алынған меншік құқығында немесе ортақ үлесі бар жылжымайтын мүліктің болмауы. Адам басына 15ш.м. пайдалану аумағы бар жатақхана бөлмесі мен (Жергілікті атқарушы органның анықтамасымен расталған) саман типіндегі авариялық жағдайдағы үйлерді қоспағанда;
4) Үйге үміткер және бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда үй жағдайының қасақана нашарлау фактісі болмауы керек;

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*