Ордабасы ауданының әкімі сала басшыларының есебін тыңдады

Ордабасы ауданы әкімінің кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Әлішев сөз алып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін нысандар, олардың сапасы мен мерзімдік кестеге сәйкестігі, бюджет есебінен әзірленетін жобалық-сметалық құжаттамалардың қазіргі таңдағы жай-күйі, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджетке ұсынылған жобалар, құрылысы аяқталған әлеуметтік нысандардың құжаттандырылуы жөнінде баяндады. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы І.Ақберді, саласындағы атқарылған шаруалар туралы есеп беріп, шешімін күткен мәселелерді тілге тиек етті. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша қоса атқарушы Ғ.Оспанқұл аудандағы табиғи газ тарту бойынша бүгінде тындырылған тірліктер бойынша, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін қалпына келтіру, санитарлық тазалық жөнінде баяндама жасады.

  «Есеп берген бөлім басшыларының келтірген кемшіліктерінде ауыл әкімдерінің де үлесі бар. Жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру сіздердің тікелей міндеттеріңіз, құрметті әкімдер. Бір адамның немқұрайлығы бүкіл ауданның жұмысына кедергі келтіретінін ұмытпаңыздар» , — деді аудан басшысы Рашид Қайыпжанов өз сөзінде.

Жиналыс қорытындысымен аудан әкімінің орынбасарларына, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеліп, орындалу мерзімі бекітілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*