АРЫСТА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ҚР тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет» деп атап өткен болатын.Осы мақсатта жылдағы дәстүр бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде бокстан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХV Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлтымыздың арқа сүйер патриот жастарын тәрбиелеу, сондай-ақ, турнирге қатысушы жас спортшыларымыздың шеберліктерін шыңдап, олардың арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. 
Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, «Нұр Отан» Партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Н.Сманов және Қ.Шағатаев, 2017 жылғы Бокстан әлем чемпионы Қ.Ералиев, зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, спортшылар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Дәстүрлі турнирді ашқан қала әкімі М.Қадырбек құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, биік тұғырдан көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, шаһар басшысы Мұрат Болатұлы 2017 жылы Германия мемлекетінің Гамбург қаласында өткен Бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салып, чемпион атанған Қ.Ералиевті жеңісімен құттықтап, сый құрмет көрсетті.
Аталған жарыста көрші Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларынан, Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің 12 облысынан келген 42 командадан құралған 312 жас спортшылар шаршы алаңда сайысқа түсуде.
Сайыс 29 қыркүйек күні қорытындылатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*