«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған партия болып отыр. Осы орайда бүгін қалалық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті.
Конференцияға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, бастауыш партия ұйымдары, кәсіпорын, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған конференция барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысы және латын әліпбиіне көшу туралы «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының Саяси кеңес бюросының мүшелері С.Ахметов пен Р.Байков, «Жас Отан» жастар қанаты Арыс қалалық бөлімшесінің атқарушы хатшысы А.Батырхандар жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалынан 5967 партия мүшесінен, 23 азамат «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегат болып сайланды және «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының Саяси Кеңесінің құрамы жаңадан сайланып, кандидатуралары бір ауыздан мақұлданды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*