Отырарда жылуға жауаптылардың есебі тыңдалды

Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады.  Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл округі әкімдері және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері жауапты екенін ескертті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының қажеттілігіне байланысты қатты отынмен алдын ала қамтылу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және орындалу барысын бақылауға алуды тиісті сала орынбасары мен ауыл округтері әкімдеріне міндеттеді.Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Айтаханов барлық ауыл округінің әкімдері мен бөлім басшыларына тоғыз айдың қорытындысы бойынша белгіленген межені орындауды жүктеді.Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан басшысы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді жеке қадағалауға алып, орындауды тиісті сала орынбасары мен сала басшыларына тапсырды. Күн тәртібіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының барысын аудандағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында апта сайын қарап, қорытындысын баяндап отыруды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*