ОҚО дәрігерлері: Оңтүстік Кореяда азаматтар сақтандыру қорына табысының 20 пайызын құяды

Оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Кенгидо провинциясының вице-мері мен денсаулық сақтау министрінің қабылдауында болды. Онда қос тарап провинция медицина саласының жетістіктері мен медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жайлы сөз қозғағанын айта кеткен жөн.Сонымен қатар, баспасөз конференциясында сөз алған Шардара аудандық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова медициналық сақтандыру жүйесін ендіруде елу жылдық тәжірибе бар Оңтүстік Кореяның жүйесін өңірімізде жүзеге асыруға болатынын айтты. 

суреттер Әсет Әссандидің фэйсбуктағы парақшасынан алынды

Ал, Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Əлімбаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда Сеул университеттік ауруханасынан басқа барлық госпитальдар толығымен жекеменшік екен. Ондағы медициналық көмектің барлығы, оның ішінде жедел жәрдем қызметі де ақылы түрде көрсетіледі. Ал, сақтандыру қорына азаматтар өзінің 20 пайыз табысын өткізіп отырады екен. Сол себептен, клиникалардың жаңа құрал саймандармен жабдықталып, пациенттерге заманауи үлгіде диагностикалық және емдік көмек көрсетуіне мүмкіндіктер туындап отыр екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*