Оңтүстік Кореядан келгенде оңтүстік дәрігерлері жергілікті жерлерде біраз өзгерістер жасау керектігін айтады

Оңтүстік Қазақстан облысынан Оңтүстік Кореяға тәжірбие алмасу мақсатында барған дәрігерлер жалпы сапар қорытындысымен облыста халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыру, БМСК деңгейін көтеру, аудандық ауруханаларда реабилитация бөлімшелерін ашу, инсульттің алдын алу және реабилитацилық көмекті жандандыру және осы жұмыстарға қоғамдық ұйымдар мен әкімшілік қызметкерлерді жұмылдыру бойынша жұмыстарды дамыту қажет деп түйгендері айтып отыр.

суреттер Әсет Әссандидің парақшасынан алынды

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Оңтүстік Корея республикасының бір топ үздік дәрігерлері Шымкентте еліміздің әр өңірінен келген медицина мамандарына мастер-класстар өткізіп, дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліскен еді. Онда Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзілген ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Спикерлердің айтуынша, жұмыс сапардың басты мақсаты дүниедегі алдыңғы қатарлы медицинасы дамыған елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея мемлекетінің медициналық көмек көрсету жүйесінің жұмысымен танысу. Брифингте өз ойымен бөліскен Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дəрігері, топ жетекшісі Ибрагим Ташев өңірден барған делегациялар компютерлік-ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібімен, медициалық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктерімен, инсульт алған наукастарға көрсетілетін көмек, инсультан кейінгі реабилитация жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысқанын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*