Отырарда жастардың келелі кеңесі өтті

Отырар ауданы әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов ашып жүргізіп отырды. Жиында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Рахымжан Биболатов, Отырар өнер саз мектебінің мұғалімі Гауһар Жүсіпалиевалар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан баяндама жасады.
Кеңесте жастардың әскер қатарына шақырылуы мен жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және әскери қызметке келісім шарт бойынша жасақтау бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Асқар Сапақбай баяндама жасаса, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ләйла Сейталиева аудан жастары арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, (ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, ажырасу, нашақорлық т.б) бойынша аудандық емханамен мектептердің психологтарымен бірлесіп өткізілген тренинг, сауықтыру ойындары сынды атқарылған және алда атқарылар жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге Отырар,Темір, Қарғалы ауыл округі әкімдерінің жастар саясаты бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*