Отырарлық жастарды ажырасу мәселесі алаңдатады

Отырарда аудан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті. Жиында ауданымыздың бас имамы Серік Биімбетов бүгінгі жиында жастар мәселесіне негіз болатын көптеген мәселер қозғалғанын айта келе, жастар діни жиындарда қолдан келген көмектерін көрсетіп жүргендігін айтып алғысын білдірді. Алдағы уақытта осындай діни, тәрбиелік маңызы зор жиындарды бірлесіп өткізуге шақырды. Ал, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жауапты дәрігері, кеңес мәжілісінің мүшесі Жәния Әлшериева жас отбасылар арасындағы ажырасуды азайту керектігін айтып, бұл мәселеге селқос қарамай жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, ажырасуға әкеп соғатын жағдайларды алдын алсақ деген өз ұсынысын білдірді. «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Әділханов рухани жаңғыруды өзімізден бастау керектігін айтып, жиынға қатысушылар мен жастарды Латын әліпбиіне көшу жастар үшін маңызды екеніне тоқталды. Кеңес мүшелері де ауыл округтері әкімдері мен сала басшыларының баяндамасынан туындаған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов жоғарыда айтылған мәселелер мен ұсыныстар жауапсыз қалмайтынын айтып, ауыл жастарын түрлі бағдарламалар бойынша жұмысқа тартып, өз ауылының санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына біркісідей атсалысу керектігін баса айтып, жастар әрдайым мәдениетті болып, Тәуелсіз Еліміздің рухты, жігерлі жастары болуға шықырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*