Отырарда көшелерді абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде

Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов арнайы баяндама жасады.Отырар ауданы орталығын абаттандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған басшы орынбасары Жібек жолы даңғылының бойында аудандық бюджет есебінен жалпы ауданы 2730 м2 аяқжолдар мен автотұрақтар және алаңшалар салынса, даңғыл бойындағы жасыл желектерге 740 метр суландыру жүйесі орнатылғанын айта кету керек. Көшенің тазалығын қаматамасыз ету мақсатында 26 қоқыс жәшіктері және адамдар бір мезгіл тынығатын 26 орындықтар орнатылуда. Басты көшенің ажары мен көркін арттыру мақсатында 1 субұрқақ, 16 дана кіші архитектуралық кескіндемелер (құмыра, жүзік, білезік т.б.) және 4 дана ротондалар бой көтермек. Сондай-ақ, 7 дана бетон арықтардан өтетін арнайы өткелдер және 1 ойын алаңшасы санаулы күндерде пайдалануға берілетіндігін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*