ЖҮГЕРІНІҢ «ОТЫРАР» ЖӘНЕ «ОҚСЫЗ» АТТЫ СОРТЫ БАР

Биылғы жылы Ө.Оспанов атындағы ғылыми-зерттеу инситуты ғалымдарының ғылыми негіздемесіне сәйкес ауданымызға инвесторлар тартып, Түркиялық «Biotek» компаниясымен жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Түркиялық инвесторлар «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 105 гектар жеріне жүгері дақылын еккен.

Айта кету керек, өткен аптаның соңында «Тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүгері дақылының өнімін арттыру» тақырыбында өткен халықаралық далалық семинарда аудан шаруалары мен өзге де сала өкілдері егіс алқабындағы жүгерінің өнімділігімен танысып қайтқан болатын. Бүгінде аталмыш инвесторлар тұзданған топырақты қайта қалпына келтіріп, жүгерінің жаңа өніміне қол жеткізіп отырғанын да айтпай кетуге болмайды. Яғни, «Отырар» және «Оқсыз» атауларын беруді ниет еткен инвесторлар ұсынысына Отырар ауданының әкімдігі бірден қолдау білдірді.
Ендігі кезекте Отырар ауданында «Отырар» және «Оқсыз» деген атпен жүгері сорты өсірілетін болады. Сонымен қатар, нарыққа да осы аттармен шығарылайды деп күтіліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*