Ассамблея мүшелері Отырарда болып қайтты

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру мақсатында этнос өкілдерінің қатысуымен облысымыздың тарихи, қасиетті орындарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырылған болатын.
Осыған орай бүгін аталған экспедиция мүшелері ауданымызда болып «Арыстанбаб», «Отырар төбе» сынды тарихи жерлерді аралады. Экспедиция мүшелерін аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман бастаған топ ауданымыздың бас қақпасынан күтіп алды. Өңіріміздегі қасиетті, киелі орындардың тарихымен таныстыру, сол нысандармен байланысты рухани, мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы жат идеологияға қарсы тұру. Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге шақыру арқылы қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов бастап келді.
Өңіріміздегі этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен жастар қанатының жетекшілері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінен құралған экспедиция мүшелері, тарихы сырға толған киелі Отырар жерінің құндылықтарымен танысып, естелікке суретке түсті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*