«ЯСАУИТАНУ-2017» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістанда биылғы жыл «Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» атануына орай Мəдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркі əлемінің жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі байқауға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен үздік 42 оқушы қатысып білімдерін сарапқа салды. Осы орайда, Түркі əлемі жас дарындарының сайысына екі кезеңнен тұратын іріктеу сындарынан жеңіске жеткен оқушылар қатысты.Бірінші кезеңде хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтудан сынға түскен үміткерлер дарындылықтың ерен үлгісін көрсетті. Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Халықаралық байқауды ұйымдастыру себебіміз Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың мұрасы мен ілімін насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты жобаларын жүзеге асыру болып табылады» — деді байқауда сөз алған қазылар алқасының төрағасы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*