ОҚО-дағы «Әзірет Сұлтанда» ерекше көрме ашылды

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Кітапхана» бөлмесінде «Тұлпар сұлу көрінер әбзелімен» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Айта кету керек, аталмыш көрмеге еліміздің он төрт облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан Халықаралық «Ясауитану» байқауына қатысушы оқушылар мен ұстаздар, қала тұрғындары мен қонақтар және музей қызметкерлері қатысты.
Өткенді ескермей ертеңнің жоқтығын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтқан Елбасының сөзін басшылыққа алған көрме ұйымдастырушылар музей қорында сақталған халқымыздың бай тарихы жайлы баяндайтын, көздің жауын алатын жәдігерлерді көпшілік қауымға таныстырып, насихаттауды мақсат етіп отырғанын да айтпасқа болмас. Осы орайда көрме экспозиясын құруда Е.Муташев, Д.Адиев, Т.Жолдасовтардың еңбегі ерекше атап өтуге толық лайық. Сонымен қатар, экспозицияға қойылған ат әбзелдері туристер мен келушілер назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*