«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері ОҚО Білім басқармасына қарасты «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК-да өткізілген «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы аймақтық семинар жұмысына қатысты. Семинар жұмысы барысында «Өлкетану» базалық бағыты бойынша «Халық – тарих толқынында» ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ мақсаты жастардың бойында өзінің туған жерінің құндылықтарын насихаттау арқылы отансүйгіштікке, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту болды.Ашық сабақ барысында ғылыми бөлім қызметкері А.Үркімбаева семинарға қатысушыларға қорық-музейдің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы мәлімет берді. «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология» бөлімінің инспекторы Ж.Әбсадық Түркістан өңірінде орналасқан 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы баяндама жасады. Ал, қор сақтау бөлімінің ғылыми қызметкері Т.Жолдасов музей қорындағы нумизматикалық жәдігерлердің өлке тарихын зерттеудегі алар орны жайлы сыр шертті. Музей экскурсоводы Т.Оразов ашық сабаққа көрнекі құрал ретінде мұражай қорының этнографиялық және нумизматикалық жәдігерлерінен жасақталған көрмемен таныстырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*