«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНІҢ ЖАЙЫҚТА ӨТКЕН КӨРМЕСІ

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихы терең Түркістан» көрмесінің ашылуы болып өтті. Шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр. Көрменің мақсаты — киелі Түркістан мен ұлылар мекені Жайық арасында рухани, мәдени және музейаралық қарым-қатынысты одан әрі дамытуды көздейді.
Көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 252 дана көз жауын алар жәдігерлер Жайық жұртшылығына ұсынылды. Көрменің ашылуына облыс активі, М.Өтемісұлы атындағы мемелекеттік университеті, Жәңгір хан атындығы Батыс Қазақстан агро-техникалық универсиетінің оқытушы профессорлары, студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Көрменің ашылуы салтанатында сөз алған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысы Қ.Мұсағалиев көрме жұмысына сәттілік тілесе, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері С.Танабаева Ақ Жайық жұртшылығы киелі шаһардан келген рухани керуенді зор ықыласпен қабылдағандығын, сонымен бірге Түркістан әрбір қазақ баласының алтын бесігі, ұлт тарихының бастау алған қайнар бұлағы екендігін жеткізді. Түркістаннан рухани керуенді бастап барған ғылыми қызметкер Б.Байболов сөз алып, өңір жұртшылығына киелі шаһардың ыстық сәлемін жеткізіп, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаевқа «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Н.Ахметжановтың Алғыс хаты мен музей шығарған баспа өнімдерін табыс етті.
Көрме үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін Жайық жұртшылығына бір ай қызмет көрсетеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*