ОҚО әкімі Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі Ато Браунмен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі  Ато Браунмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша  облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Біздің облыс Қазақстандағы халқы тығыз орналасқан аграрлы аймақ. Еліміздегі әр бесінші сәби осы өңірде дүниеге келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша облыстар арасында бірінші орында келеді.  Сонымен қатар облысымыз білім беру мен денсаулық сақтау  мекемелер саны жағынан да алда. Ал бұл салада атқарылар жұмыста аз емес. Сондықтан  Дүниежүзілік банкпен алдағы уақытта  да тұрақты жұмыс істеуге әзірміз, — деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*