Сайрамдық кәсіпкер мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр

Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту – ел экономикасын еселеуде үлкен маңызға ие. Әлеуметтің әлеуетін жандандырып, жұмыссыздықты азайтуға алаңдаған Үкімет маңызды жобаларды баса назарға алып отыр.

Соның бірі Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» деп аталатын екінші бағыты. Бүгінде аталған жобаның тиімділігін көргендер қатары көп. Соның бірі Сайрам ауданының тұрғыны Исламбек Тойматұлы.

Бүгінде ол мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Исламбек Тойматұлы өз ісін осыдан сегіз жыл бұрын бастаған. Басында тек нан жауып сатады. Кейіннен мемлекеттен төмен пайызды несие алып, өндіріс көлемін кеңейтті. Қазір тәттінің неше түрін пісіріп отыр. Басында тек бір өзі іс бастаған наубайшы бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтыған. Өнімге сұраныста жоғары. Болашақта мемлекеттен тағы қаржы алып өнім түрін көбейтуді көздеп отыр.

Ал, таң сәріден, қара кешке дейін аяғынан тік тұрып қызмет жасайтын жұмысшылар да өз қызметіне дән риза. Ерінбей еңбектеніп, тынымсыз тірлік еткен адам мемлекеттің қамқорлығынан тыс қалмайды. Қолынан іс келетін кез келген азамат мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көре алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*