ОҚО-дағы 11 индустиялды аймақта биыл 14 жоба іске қосылады

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанның аудан, қалаларында жалпы ауданы 959 га құрайтын 11 индустриалды аймақ жұмыс істеп тұр. Онда 12 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асырылуда. Ал жобалардың жалпы құны 198,3 млрд теңге. Осы жылы 37,1 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген болса, бүгінде құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып отыр. Ал облыста индустриялық–инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2010 жылдан бері Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 208,3 млрд. теңгені құрайтын, 162 жоба іске қосылды.

Жобалар арқылы 9,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалардың басым бөлігі Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» индустриялды аймақта іске асқан. Онда жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Оның бүгінде құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жобасы іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Сондай-ақ, аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының жұмысы да күшейтілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*