Шымкенттің «3D» нәскилері шетелдерге экспортталып жатыр

Шымкент қаласындағы «3D» нәскилерін шығаратын фабрика өнімнің 25 пайызын Ресей мемлекеті мен Оңтүстік Кореяға экспорттаған. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан шұлық шығаратын фабрика іске қосылған екі жылда 922 млн. теңгенің өнімін өндірген. Фабрика айына 2 миллион, ал жылына 20 миллион дана жұп шұлық шығарады. Кәсіпорын шұлықтары 100 пайыз мақта өнімінен жасалады. Синтетикалық қоспасы жоқ.

Лайкраның өзі шұлықтың тез тозбауына септеседі. Өнім Оңтүстік Кореядан әкелінген 230 қондырғыда тоқтаусыз тігіледі. Ал, мамандар автоматтандырылған құрылғы дайындап берген шұлықтың мінсіз сапасын қадағалайды. Өндіріс ошағы 16 мен 47 ші өлшем аралығындағы шұлықтар тігеді. Шикізатқа оңтүстік мақтасы жарайтындықтан, тауардың құны қымбатқа түспейді. Сондай-ақ, кәсіпорын бастапқыда қарапайым, бір түсті шұлықтарды шығарса, қазір эксклюзивті, қайталанбас дизайндармен шығарып жатыр. Айта кетейік, өндіріс орны 2015 жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру картасы аясында Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған болатын. Ашылғанына екі жыл болған фабриканың бүгінде тірлігі жанданып, өнім түрлері жаңарып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*