ОҚО-дағы «Kaz Kioti» кәсіпорны трактор құрастырып шығаруда

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы іске қосылған «Kaz Kioti» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған.

Трактор құрастыратын және ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын зауыт өнімдеріне бүгінде сұраныс артқан. Келер жылдан бастап кәсіпорын өнімдерін Ресейге экспорттамақ. Ашылған уақыт ішінде кәсіпорында 186 трактор құрастырылып, 138 бірлік ауыл шаруашылық техникалары шығарылды. Сонымен қатар, алаңы 4 гектар болатын жылыжайға каркастар жасаған.

Ордабасы ауданындағы «қазақ-түрік» индустриалды аймағында орналасқан зауыт Корея Республикасының инвесторларымен бірге іске асқан. Жылына бес мың трактор шығаруға қауқарлы зауытқа 7 млрд.теңге инвестиция тартылған. Мұнда 56 азамат жұмыспен қамтылған. KIOTI тракторының беларусьтың «МТЗ» тракторынан айырмашылығы энергиясы көптігінде. Яғни, бұл тракторлар беларустық ауыл шаруашылық машинасымен бәсекелеседі. «Казкиото» таңбасымен шығатын тракторлар үш түрлі. Күш қуатына қарай 60, 80 және 100 деп бөлінеді. Болашақта сұранысқа байланысты аталған марканың күш қуаты 140-қа жететін трактор жасау.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*