Сайрам ауданында алты сүт өңдеу цехтары жұмыс істеп тұр

Сайрам ауданында ет өндірумен қатар сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Ал аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ.

Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды.

Мәселен, Қарасу ауылындағы «Сайрам сүт» серіктестігінде тәулігіне 20 тонна, «Балғын сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне күніне бес тонна сүт өңделеді. Сондай-ақ, Қарамұрт ауылындағы «Озай Зеки» кәсіпорнында тәулігіне 6 тонна, Ақбұлақ ауылындағы «ШИШ К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  алты тонна, ал Манкент ауылында «Рассвет» өндірістік кооперативі тәулігіне 5,4 тонна, Көлкент ауылындағы жеке кәсіпкер З.Райымкулов күніне 6 тонна сүт өңдеп келеді. Жалпы Сайрам ауданының шаруа қожалықтары 120 мың тоннадан астам сүт шығаруда. Оның 5-7 пайызы қаймақ және балмұздақ өндіруге жұмсалады. Аталған кәсіпорындар экологиялық таза, қоспасыз өнім шығарып келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*