Шардарада «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Шардара аудандық Әділет басқармасында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Бұл іс-шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемесінің өкілдері, жеке нотариус, аумақтық және жеке сот орындаушылары қатысты. Аудандық Әділет басқармасының басшысы Таңат Әжібековтің төрағалығымен өткен жиында аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Анар Тәжібекеева «Міндетті медициналық сақтандыру – уақыт талабы» тақырыбында баяндама жасады. Онда елімізде қолданысқа енгізіліп жатқан әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық Әділет басқармасының басшысы Таңат Әжібеков «Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтары: сыбайлас жемқорлықпен күрес және Әдеп нормаларының орындалуы» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара барысында аудандағы Әділет органдарының Үйлестіру кеңесі мен Әділет басқармасы жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңестері мүшелерінің қатысуларымен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне қабылдау өткізілді. Жеке қабылдауға жазылған азаматтар негізінен, әлеуметтік медициналық сақтандыру, құқық беретін құжаттарды тіркеу, алимент өндіру, талап арыз беру және басқа да мәселелер бойынша сауалдар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*